
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда халық үшін ашық есік күні өткізілді.
Кеңес алу үшін «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директоры Б.Дәулетбаева жүгінді. Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Ж.Ширяева жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу тәртібін, қорытынды алу үшін қажетті зертханалық зерттеулердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсету регламентін түсіндірді.
«Ашық есік күнін» өткізу барысында барлық сұрақтар бойынша жауаптар алынып, келушілер осындай іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін жоғары бағалады.