
2026 жылдың 06 қаңтарда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіде «Ашық есік күні» өткізілді.
Стоматологиялық емхананың дәрігер эпидемиологі Тлеуқұлова Аружан Қалибекқызы келесі сұрақты қойды: маман сертификатын алу үшін қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай жіберу керек?
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік
инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Г.Р. Несипбаева осы мәселе бойынша түсініктеме берді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманға маман сертификатын беру Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 4-тарау, 2-параграф, 27 бабымен реттеледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды сертификаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрықтары бойынша, мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
№ ҚР ДСМ-274/2020 бұйрықтың 8 қосымшасының 8 тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ), электрондық құжат нысаны бойынша өтініш, мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі салынады.
Қызмет алушы өтінішін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.