
Аудандық мәслихат депутаттарының, Аршалы кентінің және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің және басқа да ұйымдардың басшылары, сонымен қатар аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 12 ақпанда сағат 10.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLVІII кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/2 «Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.