
Аудандық мәслихат депутаттарының, кенттер және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің және басқа да ұйымдардың басшылары, сонымен қатар аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 19 маусымда сағат 11-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті LV сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
1) 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 51/4
«Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясындағы негізгі мәселелер, сондай-ақ басқа да мәселелер туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.