
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 27 наурызда сағат 16-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті LI сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
1) Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы: Аршалы ауданында жер учаскелерін алып қою, резервке қою және аукциондық өткізу.
2) Ауданның мәдениет мекемелерінің жағдайы мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту;
3) Aудандық мәслихаттың кезекті сессиясындағы негізгі мәселе, сондай-ақ басқа да мәселе туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.