
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 10 наурызда сағат 11.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының L кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.