2026 жылы 5 наурыз сағат 11:00-де Алматы музейі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі салтанатты түрде ашылады.

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылы 5 наурыз сағат 11:00-де Алматы музейі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі салтанатты түрде ашылады.
    АнонсАяқталды

    Алматы музейі қорынан жасақталған көрме қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнердегі рөліне арналған. Экспозиция ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың шығармашылық мұрасын таныстырады.

    Экспозицияда Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Сара Тыныштығұлова, Майгүл Қазтұрғанова, Мәдина Ералиева, Сәуле Мерекеева және Сәуле Жанпейісова сынды өнер майталмандарының жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері қойылады. Көрме келушілерге әйелдер қауымының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған.

    Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.
    Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.

    Өтетін орны: Алматы музейі, Қабанбай батыр көшесі, 132
    Уақыты: 2026 жылы 5 наурыз, 11:00
    Қосымша ақпарат: 8 708 820 6179, 267-59-05
    Instagram: @almatymuseums

    Культура

    Ұқсас материалдар

    МероприятиеАяқталды

    Алматыда Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді

    2026 жылы 21 маусымда Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді. Бұл – тұрғындарды, бизнес өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік бастамаларды тұрақты даму, саналы тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары төңірегінде біріктіретін қаладағы ең ірі қоғамдық экологиялық алаңдардың бірі. Жоба 2019 жылдан бері «Greenup.kz» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылып келеді және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға, экологиялық өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ тұрғындарды қалдықтарды бөлек жинау және ресурстарды қайта пайдалану тәжірибесіне тартуға бағытталған. Экологиялық акция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының міндеттерін іске асыруға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін дамытуға және Алматы тұрғындарын экологиялық жауапты қалалық қауымдастық қалыптастыруға тартуға ықпал етеді. Қатысушыларды не күтеді? Іс-шара аясында келесі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылады: ♻️ Recycle — қайта өңдеуге арналған қайталама шикізатты қабылдау; 👕 Reuse — қайта пайдалануға жарамды заттарды жинау; 🎁 Дармарка — заттарды тегін алмасу алаңы; 📚 Book Crossing — кітап алмасу алаңы; 🪴 Plant Swap — бөлме және бақша өсімдіктерін алмастыру; 🛠️ Workshops — экологиялық шеберлік сабақтары; 🛍️ Fair — жергілікті экологиялық брендтер мен экобастамалар жәрмеңкесі. Recycle Бірге экологиялық акциясы жыл сайын 1 500–2 000-нан астам қатысушыны жинап, орта есеппен 4,5 тоннаға жуық қайталама шикізаттың қайта өңдеуге жіберілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл алаң 20-дан астам әлеуметтік, шығармашылық және экологиялық жобаларды, қайырымдылық ұйымдарын, жергілікті брендтер мен экологиялық стартаптарды біріктіреді. «Recycle Бірге экологиялық акциялары – бұл тек қалдықтарды жинау ғана емес. Бұл адамдарды қоршаған ортаға және бір-біріне қамқорлық жасау құндылықтары төңірегінде біріктіретін, білім алуға, пікірлес жандар табуға және оң өзгерістерге шабыттануға мүмкіндік беретін кеңістік. Біз экологиялық өмір салты қаланың әрбір тұрғыны үшін қолжетімді әрі табиғи өмір сүру дағдысына айналуға тиіс деп санаймыз», – дейді ұйымдастырушылар. Жобаны қолдау Экологиялық акция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында төмендегі ұйымдардың қолдауымен өткізіледі: * Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігі; * Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы; * Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы. Іс-шара серіктестері: * Mars Kazakhstan; * Coca-Cola CCI Kazakhstan компаниясының Restart.qaz жобасы; * Gedeon Richter Kazakhstan. Ақпараттық серіктестер: * «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ; * «Eco Almaty» ЖШС. Алматы тұрғындарын экоакцияға шақырамыз! Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасы мүшелерімен, достарымен және балаларымен бірге экологиялық акцияға қатысуға, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға және Алматының тұрақты болашағына тағы бір қадам жасауға шақырады. 📅 Күні: 2026 жылы 21 маусым 🕑 Уақыты: 14:00–17:00 📍 Өтетін орны: ҚБТУ аумағы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59 (Панфилов көшесінің қиылысы) Ұйымдастырушы: Recycle Бірге экологиялық қозғалысы («Greenup.kz» ҚҚ) Қосымша ақпарат: Instagram: @recycle.birge Қазақ тілінде: @recycle.birge.qaz БАҚ өкілдерін, серіктестерді және қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барлық тұрғынды экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз! Экология – тренд емес. Бұл – бәріміз бірге жасайтын таңдау. БАҚ үшін байланыс: Әлия Сальменова — +7 778 080 3001 Камила Акимбекова — +7 701 799 8082 Айгүл Муслимова — +7 777 249 9131

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    АнонсАяқталды

    Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінің 45 жылдығы аясында Қазақстандағы Португалия Елшілігінің дәстүрлі португал музыкалық аспаптарын музей қорына салтанатты табыстау рәсімі өтеді

    2026 жылы 19 маусымда сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде музейдің 45 жылдық мерейтойы және Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының ашылғанына бір жыл толуына орай дәстүрлі екі португал гитарасын музей қорына табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтеді. Португал гитарасы – Португалияның ең танымал музыкалық аспаптарының бірі. Ол ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген елдің әйгілі музыкалық жанры – фадомен тығыз байланысты. Іс-шара бағдарламасы аясында португал музыкалық өнерінің көрнекті өкілдері – португал гитарасының шебері Луиш Геррейру, фаду әншісі Матилде Сид және классикалық гитара орындаушысы Жуан Филипе арнайы концерттік бағдарлама ұсынады. Олардың орындауында қонақтар португал гитарасының қайталанбас әуезін тыңдап, аспаптың тарихы, жасалу ерекшелігі және Португалияның музыкалық мәдениетіндегі айрықша орны туралы жан-жақты мағлұмат ала алады. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Португалия Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Салтанатты іс-шара Қазақстан мен Португалия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ музейдің халықаралық музыкалық аспаптар коллекциясын толықтыруға бағытталған маңызды мәдени бастама. Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді аталған мәдени шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз! Өтетін орны: Алматы қ., Зенков көшесі, 24а Күні мен уақыты: 19.06.2026; 16:00 Сайт: https://almatymuseums.kz/ Instagram: @ykhlas_museum Байланыс телефоны: +7 747 934 9459

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    г. Алматы, ул. Зенкова, 24а.Алматы қаласының әкімдігі
    МероприятиеАяқталды

    Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің ашылуы өтеді

    «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Халықаралық кемпинг түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы достық байланысты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналады. Іс-шара Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген белсенді жастардың басын қосады. Өтетін орны: Almaty Resorts, Әлмерек көшесі, 1/1 https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000870118?m=76.878451%2C43.174287%2F16 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 маусым, сағат 10:00 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы – Толғанай Данабекова +7 706 639 7054

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    МероприятиеАяқталды

    Жастар және болашақ технологиялары: Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді

    2026 жылы 11 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді. Форум жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, дағдарыс жағдайындағы психологиялық тұрақтылықты нығайту, спорттық психологияны дамыту және жастардың менталдық денсаулығын сақтау мәселесін талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрінің кеңесшісі, министрліктің Психоәлеуметтік қолдау қызметтері департаментінің басшысы Элиф Гүнеш және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құттықтау сөз сөйлейді. Жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетуге арналған тақырыптық сессия барысында сарапшылар мен мамандар төтенше және дағдарыс жағдайындағы жастарға көмек көрсету тәжірибесін таныстырып, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, еріктілік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытындағы тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар күрделі өмірлік жағдайға тап болған жастарды қолдаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылайды. Форумның жеке бір бөлімі спорттық психология мәселесіне арналады. Қазақстандық және түркиялық мамандар психологиялық факторлардың спорттық жетістіктерге әсерін, спортшылардың менталдық денсаулығын сақтау, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында нәтижелілікті арттыру мәселесін қарастырады. Өтетін орны: Most IT Hub (Almaty Hub), Қожанов көшесі, 2/2 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001065981797 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 15:30 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    МероприятиеАяқталды

    Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

    11 маусым күні сағат 19:00-де Асанәлі Әшімов театры көрермен назарына Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» драмасын ұсынады. Қоюшы режиссері – Данияр Базарқұлов. Бұл қойылым – қазіргі қоғамдағы ең нәзік әрі өзекті тақырыптардың бірі: ұстаз, ата-ана және бала арасындағы байланысты арқау етеді. Спектакль мектеп табалдырығындағы күнделікті тіршілік арқылы адамдық құндылықтарды, педагог мәртебесін және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті көрсетеді. Режиссер Данияр Базарқұлов бұл туындыда мұғалімнің қоғамдағы образын тек білім беруші емес, тұлға қалыптастырушы ретінде ашады. Ата-ана мен мұғалімнің өзара түсіністігі – бала болашағының іргетасы. Туынды көрерменді бүгінгі қоғамның ащы шындығымен бетпе-бет әкеле отырып, маңызды сұрақтарға жауап іздеуге шақырады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және барша өнерсүйер қауымды ерекше атмосфераға, тағылымы мол әсерлі кешке куә болуға шақырамыз. Өтетін күні: 11 маусым 2026 жыл Уақыты: 19:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры. Бөгенбай батыр, 158 Автор: Қолғанат Мұрат Режиссер: Данияр Базарқұлов Instagram: ashimov_theatre Байланыс нөмірі: +77750252563

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    г. Алматы, Республиканский государственный академический корейский театр музыкальной комедии, ул. Богенбай батыра, 158Алматы қаласының әкімдігі
    МероприятиеАяқталды

    Алматыда Түркия жастары делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында сессия өтеді

    «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында арнайы сессия ұйымдастырылады. Іс-шара «Қайрат» футбол клубы академиясының базасында өтеді және жастардың психологиялық тұрақтылығы, күйзелісті басқару, ішкі мотивацияны дамыту, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерді тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру мәселесіне арналады. Кездесудің спикері ретінде «Қайрат» футбол клубының спорт психологы қатысады. Ол кәсіби спортта заманауи психологиялық тәжірибелерді қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және эмоционалдық саулықты сақтаудағы менталдық дайындықтың маңызы туралы әңгімелейді. Өтетін орны: «Қайрат» ФК академиясы, Майлин көшесі, 230 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001018815568 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 12:00. Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Академия ФК «Кайрат», ул. Майлина, 230,Алматы қаласының әкімдігі
    КонцертАяқталды

    Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылғы 7 маусымда Алматыдағы Абай алаңында өтетін Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне шақырамыз.

    The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясында әлемнің түрлі елінен келген әртістер world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонағы – әндерін әлемдегі миллиондаған тыңдарман сүйіп тыңдайтын әйгілі Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Фестиваль қонақтары үшін демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері фестивальдің сахна сыртына өтіп, әртістер және ұйымдастырушылармен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, сұхбат алып, жылдың ең елеулі мәдени оқиғасы туралы материал дайындай алады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы ең елеулі мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. Күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Абай алаңы, Алматы Фестиваль алаңы 12:00-де жұмысын бастайды Концерттік бағдарлама 18:00-де басталады БАҚ өкілдерін аккредитациядан өтіп, іс-шара аясында жұмыс істеу үшін фестиваль өтетін алаңға сағат 17:30-да келуге шақырамыз. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 6 маусым сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін +7 (702) 936 9359 нөміріне хабарласыңыздар. WhatsApp: +7 (705) 189 5268, +7 (776) 203 7091 Email: [email protected]

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    площадь Абая, АлматыАлматы қаласының әкімдігі
    МероприятиеАяқталды

    Enigma дауысы, әлемдік этно-хиттер және қала төріндегі open-air: Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді

    7 маусым күні Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараға қатысатын арнайы қонақтардың бірі Andru Donalds. Ол композициялары дүние жүзіне кеңінен танылып, бірнеше буынның музыкалық мәдениетіне айналған Enigma жобасының вокалисі. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Фестиваль заманауи этникалық музыка, world music, ethno fusion және ұлттық әуен мен қазіргі музыкалық бағыттар үндескен түрлі жанрларды ұсынатын, әлемнің әр түкпірінен келген орындаушылардың басын қосады. Әр жылдары фестиваль сахнасында Еуропа мен Азияның танымал артистері мен музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Жоба мәдени байланысты нығайтып, этникалық музыканы насихаттайтын әрі заманауи музыкалық бастамаларды қолдайтын маңызды алаңға айналды. Биыл фестиваль аумағында демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. Фестиваль сағат 12:00-де ашылып, ал кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады. Ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және заманауи этно-сахнаны дамытуға ерекше мән береді. Биыл фестиваль аясында алғаш рет этно, фолк және contemporary world music жанрларында өнер көрсететін отандық музыканттар мен топтарға арналған open call ұйымдастырылады. Өтінім фестивальдің ресми сайтында 26 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. bema! Best Experience Marketing Awards – оқиғалық маркетинг пен коммуникация (event marketing және experience marketing) саласындағы халықаралық сыйлық әрі фестиваль. Өтетін күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Алматы, Абай алаңы Кіру тегін

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    площадь Абая, АлматыАлматы қаласының әкімдігі
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.