
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 26.03.2026 жылы сағат 10:00-де (instagram), 16:00-де (facebook) «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы қолданыстағы техникалық регламенттер туралы шолу ақпараты» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Абылайхан Жолдасбекұлы Үмбетәлиев қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.