
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 29.05.2026 жылы сағат 12:00-де (instagram), 15:30-да (facebook) «Жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерьлерде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гульнара Сахиевна Какимова қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.