
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 22.04.2026 жылы сағат 10:00-де (instagram), 12:00-де (facebook) «Алматы қаласының су айдындарындағы демалыс аймақтары» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Гүлжан Қабдуәлиқызы Қилыбаева қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.