
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 16.04.2026 жылы сағат 10:00-де (instagram) «Еуропалық иммундау апталығы» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.