
2026 жылғы 2 мамырда Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді.
Аталған шараға 110 жасөспірім қатысып, тартысқа толы әрі жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту болып табылады.
Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері кубоктармен, медальдармен және Әуезов ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
