Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді

    Орны
    Парк «Family Park» (ул. Улугбека, 57А)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді
    Праздничный концертАяқталды

    Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар мен балалар!
    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді.
    Өтетін күні: 1 маусым 2026 жыл
    Уақыты: 10:00 – 14:00
    Өтетін орны: «Family Park» демалыс саябағы (Ұлықбек көшесі, 57А)

    Бағдарламаға сәйкес:

    10:00 – «Family Park» кіреберісінде (Абай–Сарыарқа метро жағы) ертегі кейіпкерлері мен бойшаң қуыршақтар қатысуымен флешмоб
    10:30 – ертегі кейіпкерлерінің мерекелік шеруі
    11.00 - балалар мен жасөспірімдерге арналған Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының «Алақай! Демалыс! Театр!» атты театрландырылған қойылымы
    11:40 – аудандық мерекелік концерт (шығармашылық ұжымдардың қатысуымен)
    12.00 – Сарыарқа скверінде шеберлік сағаттары мен спорттық ойындар

    Іс-шара аясында театрландырылған қойылымдар, аниматорлар, флешмобтар, сурет байқаулары, қыш өнері бойынша шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады.
    Сіздерді балаларға арналған жарқын мерекеге қатысуға шақырамыз!

    Культура

    Ұқсас материалдар

    МероприятиеАяқталды

    Әуезов ауданында ауқымды сенбілік өтеді

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мен эколог күніне орай аудандық сенбілікке қатысуға шақырамыз. 📅 06.06.2026 🕘 Басталуы: 09:00 📍 Өтетін орны: Қарғалы өзенінің бойы, Жандосов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақ. Табиғатты бірге аялап, бірге көркейтейік!

    6 маусым 2026 ж.Тікелей
    вдоль реки Каргалы на участке от ул. Жандосова до пр. Абая.Әуезов ауданы әкімінің аппараты
    КеңесАяқталды

    Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мәселелері бойынша мобильді топтың кеңесі өткізілді

    Бүгін өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мәселелері бойынша мобильді топтың кеңесі өткізілді. Кеңес барысында әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік жобалардың, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің, ювеналдық полицияның жұмысын жандандыру, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды. Отбасы институтын қорғау, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ қолдауды қажет ететін отбасыларға уақтылы көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмысты одан әрі күшейтуге және өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.

    МероприятиеАяқталды

    «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасы өтеді.

    Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 14 мамырда «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – әрбір азаматқа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға заң көмегін қолжетімді ету, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Осыған байланысты, аудан тұрғындарын Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлерінен, адвокаттар мен заңгерлерден тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ТРЦ «MOSKVA Metropolitan», ТРЦ «MOSKVA», Ауэзовский район, 8-й микрорайон, 37/1 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001024389555Әуезов ауданы әкімінің аппараты
    ТурнирАяқталды

    «Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді

    2026 жылғы 2 мамырда Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді. Аталған шараға 110 жасөспірім қатысып, тартысқа толы әрі жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері кубоктармен, медальдармен және Әуезов ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

    ЯрмаркаАяқталды

    «AUEZOV FEST - 2026» Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жәрмеңкесі

    « AUEZOV FEST - 2026 » Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жәрмеңкесі «UAQYT» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Әуезов ауданы демалыс орталықтарының аудандық «AUEZOV FEST-2026» атты жәрмеңкесі өткізілді. Жасөспірімдер мен жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді өткізіп, жасөспірімдер мен жастардың қабілеттерін, олардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық дағдылары мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту мақсатында Алматы қаласының Әуезов ауданында «UAQYT» Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Әуезов ауданының демалыс орталықтарының қызметін іске асырады. 12 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар 28 үйірмелер мен секцияларда тұрақты және тегін негізде айналысады. «AUEZOV FEST-2026» фестивалі ағымдағы жылдың 25 сәуір күні сағат 12:00-де Сары-Арқа алаңында өтті. Жоғарыда аталған іс-шараны өткізу шеңберінде фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін қызығушылықтарына байланысты демалыс орталықтарының жәрмеңкесі, ойын-сауық концерттік бағдарламасы, дамытушы шеберлік сыныптары, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

    25 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Ауэзовский район, сквер Сары-АркаӘуезов ауданы әкімінің аппараты
    Рабочая поездкаАяқталды

    «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

    Әуезов ауданы Полиция басқармасы ағымдағы жылдың 26 мен 29 наурыз аралығында отбасылық –тұрмыстық зорлық зомбылық фактілерін азайтуға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жқмыстарын жүргізеді,пәтерлерді аралау,тұрғындармен кездесулер ұйымдастырады,сондай-ақ отбасылық -тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексереді . Әйелдерге, балаларға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады. Іс-шараның негізгі мақсаты –отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу,халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға уақытылы көмек көрсету .

    ОбъявлениеАяқталды

    Әуезов ауданы әкімінің және әкім орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі

    Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың азаматтарды онлайн қабылдауы әр жұма күні сағат 11:00-де өтеді. Қабылдауға төмендегі нөмірлер бойынша жазылуға болады: 8(727)-347-04-79, 8(727)303-42-69. Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жетекшілік ететін Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Шархан Тұрсынбаевтың азаматтарды онлайн-қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 14:30-да өтеді. Қабылдауға мына нөмірлер бойынша жазылуға болады: 8(727)-347-04-79, 8(727)-303-42-45.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.