
Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 14 мамырда «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты – әрбір азаматқа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға заң көмегін қолжетімді ету, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Осыған байланысты, аудан тұрғындарын Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлерінен, адвокаттар мен заңгерлерден тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.