ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 Қаулысына сәйкес табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органның бюджет қаражаты, азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте материалдық залал шеккен зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
Келтірілген зиянды өтеу туралы өтінішке қоса беріледі:
1) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) табиғи сипаттағы ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі.
Материалдық залалды өтеу туралы өтінішті әкімдіктің арнайы құрылған комиссиясы құжаттар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ жеке және заңды тұлғаларына келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді зиян (нұқсан) келтіруші ерікті түрде немесе сот шешімі бойынша жүргізеді.
Өтелуге жатпайды:
1) ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
2) бағалы киім, сән-салтанат заттары не бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттар.
Тұрғын үй беру үшін "ТЖ салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына сәйкес белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттар бар::
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Төтенше жағдай салдарынан немесе оны жою кезеңінде осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда-ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;
1-1) белгіленген нысан бойынша жылжымайтын мүліктің меншік иесінен (не сенімхат бойынша оның өкілінен) өтініш;
2) жылжымайтын мүлік (тұрғын үй) объектісінің техникалық паспорты);
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт);
4) "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.