Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі.
Заңның 96-бабының 1-тармағына сәйкес мүліктік массаның құрамына банкроттың мүлкі, оның ішінде қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлік, талап ету құқықтары (дебиторлық берешек), сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары енгізіледі.
Сонымен қатар, Заңның 96-бабының 2-тармағына сәйкес мүліктік масса құрамына жеке кәсіпкер-банкроттың жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі жеке есепке алына отырып енгізіледі. Банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес аталған мүлікке өндіріп алу қолданылуы мүмкін.