Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №413 бұйрығымен бекітілген уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ өзге әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес кредитор болып салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредиторлар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар танылады.
Төлем кредитор тарапынан банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымы негізінде, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізгеннен кейін жүзеге асырылады (Қағидалардың 5 және 6-тармақтары).