Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Банкроттың мүлкін сатуға арналған электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Сонымен бірге, Заңның 99-бабының 1-тармағына сәйкес сату жоспары банкроттық басқарушы тарапынан банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау нәтижелері негізінде, сондай-ақ кредиторлар жиналысының мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімі негізінде әзірленеді.
Айта кету керек, банкроттық басқарушы сату жоспарын кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде әзірлеп, кредиторлар комитетінің қарауына ұсынуға міндетті.