Ақпараттық хабарламаларды, оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратты, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізілімін электрондық түрде ұсыну үшін оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің әкімшісінің ЭЦҚ кілтін пайдалана отырып, СӘИЖ Салық төлеушінің кабинетінде (бұдан әрі – СӘИЖ СТК) келесі сілтеме арқылы авторлану қажет:
СӘИЖ Салық төлеушінің кабинеті
Одан кейін жоғарыда аталған құжаттарды тапсыру функционалы қарастырылған «ОжБ» профилін таңдау қажет.
СӘИЖ СТК жаңа бағдарламалық өнім болғандықтан, Комитет салық төлеушілерге практикалық және әдістемелік қолдаудың келесі түрлерін ұсынады:
Қолдау қызметі телефондары: 8 (7172) 73-55-11, +7 (705) 956-53-71;
СӘИЖ СТК-дағы «Қолдау – Кері байланыс» бөлімі арқылы тікелей өтініш жолдау мүмкіндігі. Жауап профильде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.