Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет.
Сонымен қатар, электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда www.еgov.kz порталы арқылы немесе «ҰЗМИ» РМК www.kazpatent.kz сайтында тіркелу арқылы онлайн режимінде өтініш беруге болатындығын айта кетеміз.
Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 9-бабында тізбеленген.
Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама.
Алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге 10 жұмыс күн ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарланады.
Толық сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге тауар таңбасын тіркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.
Тіркеу фактісін, оның басымдығын Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды.
Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем ҚР ӘМ "ҰЗМИ "РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.