Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының 7 тармағына сәйкес, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген жағдайда тіркеуші органға хабарлама жолдай отырып «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тiзiлiмi» деректер қорына тиісті мәліметтер енгізіледі.
Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады.
Өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.