Жауап
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі: Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды орнату бойынша (әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес): – объектілер тізімі, олардың ұзындығы мен мақсаты туралы мәліметтер; – WGS–84 координаттар жүйесінде объектінің көлденең жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер; – объектінің тік жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер: объектінің биіктігі және оның орналасқан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі немесе объектінің ең биік нүктесінің теңіз деңгейінен асуы (WGS–84 жүйесі бойынша); – объектінің орналасуы мен биіктігіне қатысты мәліметтердің көзі туралы ақпарат; – көлденең және тік координаталар жүйесіндегі мәліметтердің дәлдігі; – объектілер салынатын аумақты, қалаға немесе елді мекенге байланысын және әуежай маңындағы аумақтар үшін КТА-ға дейінгі қашықтықты көрсететін карта; – электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер; – байланыс және электр беру желілерінің биіктігі (соның ішінде бұрылу нүктелері, су айдындары, өзендер, теміржол немесе автокөлік жолдары арқылы өтетін бөліктер); – рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған электр беру желілерінің трассасы жоспары (WGS–84 жүйесінде); – рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған объектілер мен кедергілердің ұзындығы бойынша жоспары (WGS–84 жүйесінде). Аталған мәліметтер мен бағалаулар Қағидалардың 5-тармағына сәйкес техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін I санаттағы лицензиясы бар жобалау ұйымдарымен дайындалады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес). Әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлерін туындататын жұмыстарды орындау үшін: – учаскенің бастапқы және соңғы нүктелері мен бүкіл трассаның атауы (өңірі мен ауданы көрсетіледі); – радиосәулелендіргіш құрылғылардың мақсаты, жұмыс жиіліктері, сәулелену жолағының ені, модуляция түрі, қуаты, сәулеленудің бағыттылығы және диаграмма ені, антенналық құрылғылардың іліну биіктігі туралы мәліметтер. Құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінуінің төмендеуіне әкеп соғатын объектілерді орналастыру үшін: – объектінің орналасқан жері, КТА-ға дейінгі қашықтығы туралы мәліметтер; – қызмет түрі сипатталады және құстар мен жануарлар үшін объектіні тартымсыз етуге бағытталған шарттар көрсетіледі. Тікелей әуе кеңістігінде материалдық объектілердің қозғалысына байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің, олардың жабдықтарының және борттағы адамдардың ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: – мұндай қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары туралы мәліметтер ұсынылады.