Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.
Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі, шұғыл және жедел медициналық көмек жолаушылар арасында медициналық қызметкер болған жағдайда көрсетіледі.
Әуе кемесінің бортында бар дәрілік заттарды пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмекті кабиналық экипаж мүшелері немесе кабиналық экипажы қарастырылмаған әуе кемесінде – тиісті дайындықтан өткен ұшушы экипаж мүшелері көрсетеді.
Әуе кемесінің командирі егер ұшуды жалғастыру жолаушының денсаулығына қауіп төндіреді деп есептесе, жедел қону туралы шешім қабылдайды.
Медициналық көмек жинағын әуе кемесінде отырған фельдшер немесе жоғары медициналық білімі бар жолаушы немесе аға бортсерік пайдалана алады – бұл тек медициналық қызметкерден ауызша,жазбаша немесе қашықтықтан кеңес алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Жолаушы медициналық пунктке жүгінген жағдайда:
- медициналық тексеру жүргізіледі, алдын ала диагноз қойылады және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі;
- қажет болған жағдайда жолаушыны қысқа мерзімді бақылау қамтамасыз етіледі;
- медициналық көрсеткіштер болған жағдайда – жедел жәрдем бригадасы шақырылады және/немесе госпитализацияға жіберіледі;
- әуе көлігімен ұшуға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда – жолаушы ұшуға жіберілмейді, оған ұшудан шеттету туралы анықтама беріледі, ол авиабилетті қайтаруға негіз болады;
- ұшудан шеттетілген жолаушы туралы тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчері хабардар етіледі және жолаушылардың медициналық көмекке жүгінуі бойынша журналға тиісті жазба енгізіледі, бұл ретте жолаушының қайда кеткені міндетті түрде көрсетіледі.