Шарт жасасу үшін қандай құжаттар қажет?

    kaenk

    kaenk·
    Сұрақ

    Шарт жасасу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесі ұсынылады:

    1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;

    2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;

    3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

    4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

    5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

    6) техникалық шарттардың көшірмесі;

    7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады.

    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруш" (энергия өндіруші) ұйым жабдықтаушы ұйымға ұсынады.

    Сондай-ақ, Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес, электрмен жабдықтау объектілері кондоминимумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесі ұсынылады:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;

    2) кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;

    3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

    4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

    5) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады;

    6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі

    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Иондаушы сәулелену көздерін алғаннан немесе бергеннен кейін ұйымдар олардың Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне ауысуы туралы есепті қандай мерзімде ұсынуы қажет?

    Жауап

    Иондаушы сәулелену көздерін әрбір алғаннан немесе бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде .

    kaenk·
    Сұрақ

    Жеке электрмен жабдықтау шартын жасауға бола ма?

    Жауап

    1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 482-бабының 2-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады. Сондай-ақ 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 483-бабының 2-тармағына сәйкес, абонент жалғанған желіге алғаш рет іс жүзінде белгіленген тәртіппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледі.

    kaenk·
    Сұрақ

    Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау кезінде тестілеуден қайда өтуге болады?

    Жауап

    Тестілеу көрсетілетін Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда өткізіледі.

    kaenk·
    Сұрақ

    Аттестациядан өту ережелерімен қайда танысуға болады?

    Жауап

    Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген.

    kaenk·
    Сұрақ

    Аттестациядан өту ережелерімен қайда танысуға болады?

    Жауап

    Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген.

    kaenk·
    Сұрақ

    Көше жарығы болмаған жағдайда кімге хабарласуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 31-бабы, 1-тармағы 16)-тармақшасына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi. Заңның 35-бабы 1-тармағы 20)-тармақшасына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Осыған байланысты, көшені жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіну қажет.

    kaenk·
    Сұрақ

    Көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінде жарық болмаған жағдайда кімге жүгінуге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 75-тармағына сәйкес көп қабатты құрылыстарда (қосу-тарату құрылғысы, кіреберісті, ауланы, нөмірлі шамдарды, жертөле және шатырларды жарықтандыруға арналған электр өткізгіші) жалпыүйлік мұқтаждықтағы электр қондырғыларының техникалық жағдайы, пайдалануы, техникалық қауіпсіздігі үшін кондоминиумнің объектісін басқару органдарына немесе ететін тұтынушылардың уәкілетті тұлғаларына немесе тұрғын үйге иелік ұйымға жүктеледі. Жалпыүйлік КЕҚ сақтау және бүтіндігі үшін кондоминиум объектісін басқару органына немесе тұтынушының уәкілетті тұлғасына жүктеледі. Жалпыүйлік мұқтаждыққа пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылған есепке алу құралымен анықталады. Қосалқы тұтынушылар жалпы үйлік мұқтаждық есепке алу құралынан қосылған жағдайда, қосалқы тұтынушылар тұтынуының жиынтық көлемі жалпы сомадан алынады. Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінде жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша сіздің үйіңіздің ПИК-іне өтініш білдіруіңіз қажет.

    kaenk·
    Сұрақ

    Егер электр беру желілерінде сым (кабель) ұшқындаса немесе бағаннан сым үзілген болса, кімге хабарласуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті. Егер сіз желілердің иесін білсеңіз, оған хабарласыңыз. Егер сізде мұндай ақпарат болмаса, энергия беруші ұйымның диспетчерлік қызметіне, құтқару қызметіне, полицияға немесе сіздің аймағыңыздың жергілікті атқарушы органына жүгіну қажет, сондай-ақ сіз тұратын аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Барлық сигналдар тіркеледі, бақылауға қойылады және өңделеді, әкімдіктің ресми сайтына жіберіледі және бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы кері жауап алуға болады. Өтіп бара жатқан адамдарға қауіп туралы ескертіңіз және мүмкіндігінше тиісті қызмет келгенге дейін зақымдану орнын күзетуді ұйымдастырыңыз. Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган: 1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын; 2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін; 3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін; 4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады. Демек, аталған факті бойынша Сіз ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне аласыз.

    kaenk·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.