Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 31-бабы, 1-тармағы 16)-тармақшасына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi.
Заңның 35-бабы 1-тармағы 20)-тармақшасына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Осыған байланысты, көшені жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіну қажет.