Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті.
Егер сіз желілердің иесін білсеңіз, оған хабарласыңыз. Егер сізде мұндай ақпарат болмаса, энергия беруші ұйымның диспетчерлік қызметіне, құтқару қызметіне, полицияға немесе сіздің аймағыңыздың жергілікті атқарушы органына жүгіну қажет, сондай-ақ сіз тұратын аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Барлық сигналдар тіркеледі, бақылауға қойылады және өңделеді, әкімдіктің ресми сайтына жіберіледі және бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы кері жауап алуға болады.
Өтіп бара жатқан адамдарға қауіп туралы ескертіңіз және мүмкіндігінше тиісті қызмет келгенге дейін зақымдану орнын күзетуді ұйымдастырыңыз.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;
4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.
Демек, аталған факті бойынша Сіз ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне аласыз.