Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 75-тармағына сәйкес көп қабатты құрылыстарда (қосу-тарату құрылғысы, кіреберісті, ауланы, нөмірлі шамдарды, жертөле және шатырларды жарықтандыруға арналған электр өткізгіші) жалпыүйлік мұқтаждықтағы электр қондырғыларының техникалық жағдайы, пайдалануы, техникалық қауіпсіздігі үшін кондоминиумнің объектісін басқару органдарына немесе ететін тұтынушылардың уәкілетті тұлғаларына немесе тұрғын үйге иелік ұйымға жүктеледі.
Жалпыүйлік КЕҚ сақтау және бүтіндігі үшін кондоминиум объектісін басқару органына немесе тұтынушының уәкілетті тұлғасына жүктеледі.
Жалпыүйлік мұқтаждыққа пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылған есепке алу құралымен анықталады. Қосалқы тұтынушылар жалпы үйлік мұқтаждық есепке алу құралынан қосылған жағдайда, қосалқы тұтынушылар тұтынуының жиынтық көлемі жалпы сомадан алынады.
Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінде жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша сіздің үйіңіздің ПИК-іне өтініш білдіруіңіз қажет.