Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтінішті қабылдау "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, ол үшін электрондық цифрлық қолтанбаңыз қажет болады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес АӘК (бұдан әрі – АӘК) тұрғылықты жері бойынша тіркелген аз қамтылған азаматтарға, егер отбасы мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспаса, яғни 38 092 тенгеден аспайтын жағдайда беріледі. Бір адамға төленетін АӘК мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мен жан басына шаққандағы орташа табыстың арасындағы айырмашылықты құрайды.