Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Азаматтардың әлеуметтік көмектің кейбір санаттарын айқындау және олардың мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен (108 834 теңге) аспаған жағдайда қиын өмірлік жағдай басталған кезде 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын (163 251 тенге) келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының
1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі барларға.
Әлеуметтік көмектің бұл түрлерін тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Шұғыла ықшам ауданы, 347, тел.: 385-71-48 мекенжайы бойынша) келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш білдіру қажет.
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер;
3) қиын өмірлік жағдайдың басталғанын растайтын акт және/немесе құжат.
Қосымша ақпарат алу үшін, Шұғыла № 347, мекенжайында орналасқан Наурызбай аудандық әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әкімдік ғимараты, № 200 және 211 кабинеттерінде орналасқан мамандарға жүгініп, немесе +77074015881 және 3857157 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.