Электр қуаты өшкен жағдайда қайда қоңырау шалу керек?

    Наурызбай ауданы әкім аппараты

    Сұрақ

    Электр қуаты өшкен жағдайда қайда қоңырау шалу керек?

    Жауап

    электр қуаты өшкен жағдайда Сізге «АЖК» АҚ және РЭС-3-ке келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіну қажет: 8(727) 385-45-27, 8(727)385-45-99. Мекен-жайы: Жандосов көшесі, 4Г

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер қысым аз болса немесе газ өшіп қалса, кімге жүгіну керек?

    Жауап

    Газбен жабдықтау мәселесі бойынша ақауларды жоюға өтініш беру үшін келесі ұйымдарға жүгінуге болады: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, телефон нөмірі: 104. «Тәуекел Н Алғабас» ЖШС телефон нөмірі:8(727) 2970747.

    Сұрақ

    Төтенше жағдайда суық сумен жабдықтауды қосу уақытын қалай және қайдан білуге болады?

    Жауап

    Суық сумен жабдықтау ажыратылған жағдайда Сізге «Алматы Су» ШЖҚ МКК жүгіну қажет. Ақпарат алу үшін бірыңғай нөмірлері: 8 (727) 276-01-10, 8 (727) 271-01-10.

    Сұрақ

    Егер қысым аз болса немесе ыстық су өшіп қалса, кімге жүгіну керек?

    Жауап

    Ыстық суға тексеру жүргізуде тиісті шаралар қабылдау үшін «АЛТС» ЖШС-не жүгіну қажет. Сонымен қатар, сіз келесідей нөмірлерге хабарласа аласыз.: 8 (727) 341-07-77, 8 (701) 757-03-06.

    Сұрақ

    Зейнеткерлер бос уақытын ұйымдастыру үшін қайда жүгіне алады?

    Жауап

    Зейнеткерлік жастағы тұрғындар егде жастағы адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталығына жүгіне алады. Мекен-жайы: Әшімова, 299 үй. Қызметтер: 17 (гимнастика, психология, иконе, йога, вокал, тілдерді үйрену, кинезиология, экскурсиялар, шахмат, домино, қолмен жасау, графика)

    Сұрақ

    Асфальттың деформациясын, жол жамылғысының зақымдануын, тротуарларды, шұңқырларды жою және жиектерді тегістеу

    Жауап

    Аудан аумағында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша көше-жол желісін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу бойынша «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды. Сіз 370-01-57 телефон нөмірі бойынша өтініш қалдыра аласыз немесе толық ақпарат ала аласыз. (Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі)

    Сұрақ

    Үйді легализациядан өткізу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? Қай жерге тапсыру керек?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу үшін жергілікті әкімшілікке құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттар тізбесі: - өтініш; -жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер; -жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмесі; - сейсмикалық қорытынды; - жылжымайтын мүлікке техникалық жоба; - егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үйжайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі.

    Сұрақ

    Жылына бір реттік төленетін әлеуметтік көмекті және екі рет төленетін әлеуметтік көмекті алу үшін кімге жүгінеді, ол үшін қандай құжат ұсыну қажет?

    Жауап

    Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Азаматтардың әлеуметтік көмектің кейбір санаттарын айқындау және олардың мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен (108 834 теңге) аспаған жағдайда қиын өмірлік жағдай басталған кезде 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын (163 251 тенге) келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде: 1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге; 2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі барларға. Әлеуметтік көмектің бұл түрлерін тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Шұғыла ықшам ауданы, 347, тел.: 385-71-48 мекенжайы бойынша) келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш білдіру қажет. 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер; 3) қиын өмірлік жағдайдың басталғанын растайтын акт және/немесе құжат. Қосымша ақпарат алу үшін, Шұғыла № 347, мекенжайында орналасқан Наурызбай аудандық әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әкімдік ғимараты, № 200 және 211 кабинеттерінде орналасқан мамандарға жүгініп, немесе +77074015881 және 3857157 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

    Сұрақ

    Өз еркімен жүріп- тұра алмайтын I топ мүгедіктігі бар адамға жеке көмекші қызметін қалай және қайдан алады және ол үшін қандай құжаттар өткізу керек?

    Жауап

    Жеке көмекшінің қызметтерін көрсету медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген оңалтудың жеке бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Жеке көмекшінің қызметін алу үшін, тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы және «egov kz» арқылы өтініш білдіреді. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырады. Міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылады. Оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде тәулігіне сегіз сағаттан аспайтын мөлшерде көрсетілетін жеке көмекші қызметтерінің көлемін қамтиды. Мәлімет үшін: мүгедек жандар мобильдік ұялы телефоны арқылы, жеке оңалту бағдарламасы негізінде «Aleumet» порталы қосымшасына жеке сәйкестендіру нөмірімен тіркеліп, мемлекеттік қызмет түрлеріне (гигиеналық және техникалық құрал жабдықтары) тапсырыс білдіре алады. «Aleumet» қосымшасы қызметті толығымен тегін көрсетіледі, оны «App Store» немесе «Play Market» қосымшалары арқылы жүктеуге болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.