Жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу үшін жергілікті әкімшілікке құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттар тізбесі:
- өтініш;
-жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер;
-жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмесі;
- сейсмикалық қорытынды;
- жылжымайтын мүлікке техникалық жоба;
- егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үйжайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі.