Жеке көмекшінің қызметтерін көрсету медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген оңалтудың жеке бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Жеке көмекшінің қызметін алу үшін, тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы және «egov kz» арқылы өтініш білдіреді.
Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырады. Міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылады. Оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде тәулігіне сегіз сағаттан аспайтын мөлшерде көрсетілетін жеке көмекші қызметтерінің көлемін қамтиды.
Мәлімет үшін: мүгедек жандар мобильдік ұялы телефоны арқылы, жеке оңалту бағдарламасы негізінде «Aleumet» порталы қосымшасына жеке сәйкестендіру нөмірімен тіркеліп, мемлекеттік қызмет түрлеріне(гигиеналық және техникалық құрал жабдықтары)тапсырыс білдіре алады. «Aleumet» қосымшасы қызметті толығымен тегін көрсетіледі, оны «App Store» немесе «Play Market» қосымшалары арқылы жүктеуге болады.