Өрт-техникалық минимум (бұдан әрі – ӨТМ) бағдарламасы бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту жөніндегі (өндірістен қол үзіп) қызметтер бәсекелестік ортада болады және оны кез келген оқыту ұйымы жүргізе алады. Оқыту сапасы, баға саясаты, оқу орны және т.б. факторларды ескере отырып, ұйым басшысы оқу орталығын өз қалауы бойынша өз бетінше таңдауға құқылы.
Бұдан әрі, «Аазаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ұйымдар өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына үйретуге міндетті.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-тармағының талаптарына сәйкес (ТЖМ 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы) объектідегі өрт қауіпсіздігін меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындар басшылары, дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар қамтамасыз етеді.
Ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптармен (ТЖМ-нің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы) (бұдан әрі - Ереже) ұйым қызметкерлерінің объектіде өрт болған жағдайда дербес іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқытуды және өртке қарсы нұсқаманы жүргізу тәртібі регламенттелген.
Ережелердін талаптарына сәйкес жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен өртке қарсы кіріспе нұсқама жүргізіледі (Ереженің 10-тармағы), кіріспе нұсқамадан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді (Ереженің 13-тармағы).
Ұйым басшысы жүзеге асырылатын қызметтің ерекшелігін (Ереженің 28 және 29-тармақтарын ескере отырып) назарға ала отырып, оқу орталығында жұмыскерлердің нақты қандай санаттарын (өндірістен қол үзіп), ал қайсысын тікелей ұйымда өндірістен қол үзбей оқытуға болатынын өз бетінше айқындайды.
Ереженің 28 және 29-тармақтарында аталмаған адамдар өрт болған жағдайда персоналдың өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған өртке қарсы нұсқаулықтан (өндірістен қол үзбей) өтеді (Ереженің 30-тармағы).
Ереженің 29-тармағында келтірілген (өндірістен қол үзбей) өртке қарсы нұсқаулықты (Ереженің 5-тармағы) және қызметкерлерді ӨТМ бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымның басшысы немесе оқу орталықтарында оқудан өткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді (Ереженің 30-тармағы).
Ережемен өрт қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасының нысандарына қойылатын талаптар бекітілді, оған біліктілік комиссиясының мүшелері қол қояды (Ереженің 34-тармағы) және оқу орталығының басшысы қол қойған өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлік (Ереженің 35-тармағы).
Тиісінше, талаптарды бұза отырып берілген ӨТМ көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлік жарамсыз деп есептеледі.
Сонымен қатар, ақпараттық тәртіпте азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ӨТМ оқыту бойынша қызмет көрсететін оқытушылардың біліктілігіне қойылатын біліктілік талаптары регламенттелмегенін хабарлаймыз.
ӨТМ оқыту тиісті бағдарламаларда белгіленген, атап айтқанда, заңнамалық база, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар, өртке қарсы режим мен жүйелер, технологиялық процестің, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі, ұйымда өрт туындаған кездегі тәсілдер мен іс-қимылдар және т. б. зерттеуге қажетті мәселелердің кеңейтілген спектрін қамтитынын назарға ала отырып, Министрлік оқыту мен білімді тексеруді өрт қауіпсіздігі саласында білімі бар мамандарымен өткізуді ұсынады.