дебиторлық берешекті есептен шығару

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    Сұрақ

    дебиторлық берешекті есептен шығару

    Жауап

    Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

    Қағиданың 154-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:

    1) дебиторлық берешек:

    өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;

    мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;

    егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;

    төрелік трибуналдар шешімдерінің не тараптар арасында дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасу негізінде;

    оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерден қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда.

    Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, дебиторлардың атауы, берешектің сомасы, пайда болуын уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы он күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлай отырып, дебиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.

    Есептеп шығарылған дебиторлық берешек 04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» баланстан тыс шотына көшіріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Декларацияға банк депозиттерін қосу керек пе?

    Жауап

    Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық төлеушінің кабинеті» кіші жүйесін (бұдан әрі – CӘИЖ ОжБ СТК) іске қосты. Осы жүйе шеңберінде рәсім әкімшілеріне арналған жұмыс орны құрылды, ол мемлекеттік кірістер органдарымен және кредиторлармен электрондық өзара іс-қимыл жасауға, соның ішінде хабарландыруларды уәкілетті органға электрондық түрде жіберуге арналған. СӘИЖ ОжБ СТК арқылы алынған хабарландырулар қаралып, кейін уәкілетті органның порталында автоматты түрде орналастырылады. Осылайша, 2020 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген әкімшінің уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес рәсім әкімшілері хабарландыруларды ұсыну үшін СӘИЖ ОжБ СТК жүйесін пайдалануы тиіс. Нұсқаулық келесі мекенжайда орналастырылған: https://drive.google.com/drive/folders/1plz9_KCshiWx5wsNJuG_lnsDa9jgjece?usp=sharing.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі. Заңның 96-бабының 1-тармағына сәйкес мүліктік массаның құрамына банкроттың мүлкі, оның ішінде қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлік, талап ету құқықтары (дебиторлық берешек), сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары енгізіледі. Сонымен қатар, Заңның 96-бабының 2-тармағына сәйкес мүліктік масса құрамына жеке кәсіпкер-банкроттың жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі жеке есепке алына отырып енгізіледі. Банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес аталған мүлікке өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқылы жүзеге асырылады. Банкроттың мүлкін сатуға арналған электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Сонымен бірге, Заңның 99-бабының 1-тармағына сәйкес сату жоспары банкроттық басқарушы тарапынан банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау нәтижелері негізінде, сондай-ақ кредиторлар жиналысының мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімі негізінде әзірленеді. Айта кету керек, банкроттық басқарушы сату жоспарын кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде әзірлеп, кредиторлар комитетінің қарауына ұсынуға міндетті.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Банкроттық рәсімінің мерзімі қандай және ол қай күннен бастап есептеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 84-бабы 1-тармағына сәйкес банкроттық рәсімінің мерзімі тоғыз айды құрайды және кредиторлар жиналысының шешімімен екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің мерзімін қайта ұзартуға жол беріледі, бірақ мұндай рәсімнің жалпы ұзақтығы бес жылдан аспауға тиіс. Банкроттық рәсімінің мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Оңалту рәсімінен өтіп жатқан жеткізушіден берешек сомасын қалай өндіріп алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей мәлімделуге тиіс. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мәлімделген кредитор талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне (бұдан әрі – КТТ) енгізіледі, алайда мұндай кредитор бір айлық мерзімде мәлімделген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады. Мұндай талаптар оңалтуды басқарушы тарапынан талап мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Осыған байланысты, қолда бар берешек сомасы кредитор қарыз сомасын КТТ-ға енгізу туралы талап қойып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана борышкердің кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілуі мүмкін.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Мемлекеттік кірістер органдарының талап арызы бойынша банкрот деп танылған борышкердің уақытша және банкроттық басқарушыларына сыйақы қандай мөлшерде төленеді?

    Жауап

    Уақытша басқарушыға негізгі сыйақы кредитор тарапынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 1 (бір) ең төменгі жалақы мөлшерінде (ЕТЖ) екі ай мерзімге міндеттерін орындаған кезең үшін төленеді (Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацы). Сонымен қатар, банкроттық басқарушыға негізгі сыйақы кредитор тарапынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 1 (бір) ЕТЖ мөлшерінде банкроттық рәсімінің үш айлық кезеңі үшін төленеді (Қағидалардың 5-тармағының үшінші абзацы).

    ҚР Қаржы министрлігі·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.