Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.
Қағиданың 277-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы сомаларды пайдаланудың өзге тәртібі белгіленбесе, мемлекеттік мекемелер активтерді сатудан түскен сомаларды бюджет кірісіне аударады және есепте көрсетіледі: 1231 "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" қосалқы шотының дебеті және 6320 "ұзақ мерзімді активтердің шығуынан түскен кірістер" шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 "бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3131 "активтерді сатудан түскен кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек"қосалқы шотының кредиті. Ұзақ мерзімді активтерді сатудан алынған кіріс бойынша бюджет алдындағы берешекті өтеу: 3131 "активтерді сатудан түскен кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1231 "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі"қосалқы шотының кредиті.