ВҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес материалдар мен отын алушы өзінің алу картасының данасын көрсеткен кезде белгіленген лимит шегінде беріледі. Белгіленген лимиттен тыс материалдарды жіберу Нысандар альбомының 434-з нысанды жүкқұжаты бойынша жүргізіледі. Жанар-жағармай материалдарын шығыстарға шығару үшін жол парағы қолданылады. Өзінің мемлекеттік мекемесінің мұқтажы үшін жүктерді өз автомобильдерімен тасымалдау үшін Нысандар альбомының 1-т нысанды тауар-көлік жүкқұжаты қолданылады. Талондар мен жанар-жағармай материалдарының талдамалы есебі әрбір түрі бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.