2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" қағидаларына сәйкес осы бағыт бойынша субсидия алу үшін шаруа қожалығына "plem.kz"порталы арқылы өтінім беріп, мынадай талаптарды сақтап отыру қажет:
- Есептік нөмірдің болуы (ауыл шаруашылығы кооперативін қоспағанда) (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады).
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан тауар өндірушілер үшін – елді мекендердің ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлерінің болуы. Бұл өлшемшарт жеке қосалқы шаруашылықтардан ғана құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты қолданылмайды.
- Өтінім беру сәтінде АЖБ* және САТЖАҚ*-да аналық мал басының тіркелген болуы (ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің немесе кооператив мүшелерінің атында тіркелген болуы).
- Өтінім беру сәтінде сатып алынған малды АЖБ және САТЖАҚ-да тіркеудің болуы.
- "Сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алғанда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде) – 8-26 ай аралығында болуы тиіс.
*АЖБ - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор; *САТЖАҚ - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.