Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізім ретімен беріледі. Сонымен қатар, бүгінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№736 қаулысымен «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шеңберінде іске асырылуда. Тұжырымдама бойынша Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» арқылы жеңілдікті кредит беру бағдарламасымен («Бақытты отбасы», «Шаңырақ» пилоттық жобасына) тұрғын үй алуға қатыса алады.