«Қазақстан Республикасының аумағында ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығының 49-тармағына сәйкес.
Арнайы рұқсат бір типті ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда белгіленген бағыт бойынша тасымалданатын сұйық жүкті тасымалдайтын бір автокөлік құралына беріледі.
Арнайы рұқсат алты айға дейінгі мерзімге бір сапарға беріледі.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін күнтізбелік 15 (он бес) күнге ұзартуға құқығы бар. Ол үшін «Elicense» порталы арқылы арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы электрондық өтініш беру қажет
Қажетті құжаттар:
1. Белгіленген нысандағы өтініш (Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша).
2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлғалар үшін).
3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым төленгенін растайтын құжат.
4. Маршрут ұзындығы және жол учаскелері туралы ақпаратты қоса алғанда, тасымалдау маршрутының схемасы.
5. Көлік құралы мен жүк туралы техникалық ақпарат:
o Көлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмірі.
o Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы мен мемлекеттік нөмірі.
o Жүгі бар көлік құралының габариттік өлшемдері мен салмағы.
o Жүктің салмағы мен өлшемдерін қоса алғанда, оның сипаттамасы.
|