Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау» қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 254-тармағына сәйкес тасымалдаушы мынадай жағдайларда пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін жолаушыға ақшаны қайтаруды жүзеге асырады:
- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей-жол жүрудің толық құны;
- кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 (алты) сағаттан кешіктірмей-билет құны және плацкарт құнының 50 %-ы (елу) ;
- жөнелтілгенге дейін кемінде 6 (алты) сағат бұрын және пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 (бір) сағаттан артық емес – билеттің құны, бұл ретте плацкарттың барлық құны, бірақ жол жүру құнының 30% - нан аспайтын мөлшерде ұсталады.
Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 (бір) сағат өткеннен соң жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүргізілмейді, ақша қаражаты қайтарылмайды.
Жол жүру құжаттарын қайтару мерзімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау» қағидаларымен реттеледі.