Торапты үйлестіру: Кірме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға түйісуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе жеке серіктестің, концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Қолданыстағы кірме жолдарға қосылу:
Жаңадан салынған кірме жолдарды қолданыстағы кірме жолдарға қосуға филиал иесінің келісімімен рұқсат етіледі. Жаңадан салынатын жолдарды қолданыстағы кірме жолдарға қосуды келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жанасуына рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- кірме жолдардың жанасуына рұқсат беруге өтініш;
- жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары;
- жүктің түрі мен көлемін көрсете отырып, жоспарланған жылдық жүк айналымы туралы мәліметтер;
-қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кірме жолды салу (реконструкциялау) кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды жазбаша келісу;
- кірме жолдың іргелес жерін таңдау актісі; - жобаланатын немесе реконструкцияланатын кірме жолды көрсететін ситуациялық жоспар;
- магистральдық теміржол желісі операторының кірме жолдардың жанасуына рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындымен кірме жолдардың жанасуына арналған техникалық шарттары. Магистральдық темір жол желісінің бір деңгейде қиылысатын жерлерінде, сондай-ақ желілер, темір жол кірме және қосылатын жолдар аралықтар мен станциялардағы басты жолдарға түйісетін жерлерде сақтандырғыш тұйықтар немесе күзет көрсеткілері орналасуы тиіс.
Кірме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жанасуы Қазақстан Республикасы «Теміржол көлігі туралы» Заңымен және тиісті нормативтік актілермен реттеледі. |