Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген «Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 28-тармағына сәйкес халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын халықаралық тасымалдалару, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, оның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі.
Егер олар шет мемлекеттердің кемелер тізілімдерінде тіркелген болса және халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берген күні олардың жасалғанына жиырма жылдан асса, олар халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатпайды.
Қағидалардың 31-тармағына сәйкес кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға тіркелген 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға тіркелген 11-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы жібереді:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өлшеу куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
4) шет мемлекеттің кемесі осы мемлекеттің туы ауысқанға дейін тікелей тіркелген және ипотекамен ауыртпалықсыз тізілімнен шығарылғанын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Кеме Қазақстан Республикасының теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде қолданыстағы тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен теңіз кемесінің жүзу құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі және кемеге меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген теңіз кемесі үшін уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі ғана ұсынылады.
Кеме бербоут-чартерлік тізілімде қолданыста тіркелген жағдайда, бербоут-чартер шарттарында жалданған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен жүзу құқығын уақытша беру туралы куәліктің электрондық көшірмесі ғана беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады – 60 АЕК. |