Ауған соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен жүргені үшін жеңілдіктер беру
Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне ақылы автомобиль жолдары арқылы жеңілдікпен жол жүруді беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Бүгінгі күні ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін төленетін ақыдан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңы http://zan.gov.kz/rus/docs/Z010000245_