Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, әуе көлігінде қол жүгінің және багаждың салмағы, габариттері, сондай-ақ тегін тасымалдау нормалары тасымалдаушы тарапынан белгіленеді.
«Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына» сәйкес:
- әрбір багаж орнының салмағы 32 килограмнан, ал үш өлшемі бойынша жиынтық көлемі 158 сантиметрден аспауы тиіс;
- тегін тасымалдау нормасынан артық багаж тасымалы жөнелту пунктінде бүкіл бағыт бойынша, яғни межелі пунктке дейін, ақылы түрде жүзеге асырылады және ақы төлеу платный багажға түбіртек берілген күнгі қолданыстағы тариф бойынша алдын ала (билет ресімделген кезде) жүргізіледі;
- егер жөнелту пунктінде жолаушы тасымалдауға билет ресімделген кезде көрсетілген және алдын ала төленген мөлшерден аз багаж тапсырса, жүк массасының нақты және мәлімделген айырмашылығы жолаушыға бастапқы төлем валютасында және оның нақты тұратын жері бойынша қайтарылуға жатады.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығы «Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»)