Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін адамдарға әуе тасымалдарына жеңілдіктер беру қарастырылмаған.
Air Astana, Fly Arystan, SCAT және Qazaq Air сияқты отандық әуе компаниялары мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін тұлғаларға жеңілдіктерді өз қалауы бойынша ұсынады.
Анықтама үшін:
«SCAT» АҚ – ішкі тұрақты рейстерде (субсидияланатын рейстерден басқа):
– 100% жеңілдік – мүгедектігі бар балаларға;
– 100% жеңілдік – 1-топ мүгедектеріне;
– 50% жеңілдік – 2-топ мүгедектеріне, F-класс арнайы тарифінен есептеледі;
Аэропорттық және сервис алымдары қосымша төленеді.
Сүйемелдеуші тұлға билет ресімделу сәтіндегі қолжетімді тариф бойынша төлейді.
Анықтама: жеңілдікпен билетті ресімдеу тек «SCAT» әуе компаниясының өкілдіктерінде растайтын құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады.
«Qazaq Air» АҚ: – 100% жеңілдік – ауыр науқас балаларға, 2 жастан 17 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүретін тұлғаға, егер ұшу емделуге/тексеруге байланысты болса;
– 50% жеңілдік – мүгедектігі бар жолаушыларға жеке сапарлар үшін;
Анықтама: жеңілдік тарифтер бойынша өтінімдер әуе компаниясының ресми өкілдіктерінде немесе [email protected] электрондық поштасына жіберіледі. Растайтын құжаттар міндетті түрде ұсынылуы тиіс.
«Air Astana» АҚ: – 100% жеңілдік – ҚР азаматтық авиациясының ардагерлеріне шетелде емделу үшін;
– 100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне ішкі бағыттар мен ТМД елдеріне;
– 100% жеңілдік – аз қамтылған отбасылардан шыққан, Қазақстанда емделуі мүмкін емес онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары бар балаларға, егер олар емдеуге немесе операцияға ұшса;
Анықтама: жеңілдік тарифтер бойынша өтінімдер help.airastana.com порталы арқылы қабылданады.
«Fly Arystan» – «Komek» жобасы аясында:
– 50% жеңілдік – 1-топ мүгедектеріне (акциялық тарифтерден басқа);
– 50% жеңілдік – бір еріп жүретін тұлғаға;
Анықтама: сұраныстарды [email protected] электрондық поштасына жіберу ұсынылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктерді заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда.