"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚР Заңының 37-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі басшысының мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етуге міндеті белгіленген.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 101-1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделеріне әсер еткен кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғаларды ақпараттық жүйелер және/немесе электрондық пошта, сондай-ақ пошта байланысы арқылы жазбаша түрде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етеді.