Заңның 25-бабында «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, айыру көзделген.
Мысалы, бағалаушы бағалау туралы екі реттен артық дұрыс емес есеп жасаған жағдайда, «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабына сәйкес өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе бағалаушылардың қылмыстық жауапкершілігі көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 184-бабында (бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат бергені және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймағаны үшін) бағалаушылар палаталарының жауапкершілігі көзделген.