«Бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату және олардан айыру қарастырылған.
Мысалы, бағалаушы анық емес бағалау есебін екі реттен көп жасаған жағдайда, «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру түрінде жауапкершілік қарастырылады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабына сәйкес бағалаушылар өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе қылмыстық жауаптылық көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-бабында бағалаушылар палатасының жауапкершілігі көзделген (бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы).