Азаматтардан өтініштер келіп түскеннен кейін аулау қызметі қаңғыбас және қараусыз қалған иттерді аулайтын болады. Қаңғыбас жануарларды аулау жануарлардың шоғырлану орындарын оған мониторинг жасау нәтижелері және азаматтардың өтініштері бойынша бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Аулау жануарға жарақат пен зақым келтіруді, азаматтардың денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмайтын ізгілікті тәсілдермен жүзеге асырылады. Адамның және (немесе) жануардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатерді жою кезіндегі жағдайларды қоспағанда, жануарларды балалардың көзінше аулауға жол берілмейді. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, қараусыз қалған ғимараттарда, қала шетінде, саяжай массивтерінде және басқа жерлерде) жануар иесінің алып жүруінсіз жүрген жануарлар аулануы тиіс.Тіршілік ету ортасынан адамға, жануарларға шабуыл жасаған немесе адамның, жануардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, оның ішінде кемінде үшеуден топтасқан топқа қосылған жануарларды аулау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жануарларды қимылсыздандыруға арналған препараттарды қолдануға рұқсат етіледі. Аулау қызметі еркін нысанда акт жасайды, оған кемінде екі куә қол қояды. Куәгерлер болмаған жағдайда аулауды тіркеудің техникалық құралдарын қолдануға (бейнетүсірілім) болады. Қаңғыбас жануарлардың саны стерилдеу жолымен реттеледі. Қаңғыбас жануарлар ауланады, стерилденеді, вакцина егіледі және мекендеген ортасына қайта босатып жіберіледі.