«СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ (бұдан әрі-архив) және аудандық филиалдар көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің 25 (жиырма бес)аспайтын мерзімге ұзартылғаны туралы хабардар етеді жұмыс күндері. дейін. Құжаттар мен мәліметтер тізбесі: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Бар болса, өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі; -көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін), өкілеттігін растайтын құжат не нотариат куәландырған сенімхат, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәлігінің көшірмесін көшіреді, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады); көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінген кезде: – өтініш беруші туралы мәліметтерді (Жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін-оның атауы, заңды мекенжайы) көрсете отырып, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған еркін нысандағы өтініш және сұратылған мәліметтерді іздеу үшін қажетті деректерді қамтитын өтініш. Мемлекеттік корпорацияға: - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Бар болса, өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі; - жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариат куәландырған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде). - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. порталға: - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Бар болса, өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес талаптарға сәйкес келмеуі.